05
июнь
2021
Бөлме гүлдері
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары Ж. Жакибаева мен кіші қызметкерлер мектебіміздегі бөлме гүлдерін жаңа ыдыстарға отырғызып, гүлдерді күтіп-баптау жұмыстарын жүргізуде әрі ыдыстардан бөліп алып, гүлдер санын көбейтуде. Бөлменің сәнін келтіретін үй өсімдіктері мен гүлдер ерекше күтімді қажет етеді. Сондықтан дәліздегі бөлме гүлдерін аптасына 1-2 рет жылы сумен жуып тұрады. Сонымен қатар бөлме гүлдерін әдемі етіп өсіру мен баптауға арналған кейбір кеңестерді назарларыңызға ұсынады:
• Бөлме өсімдіктерін бойына қарай ретімен орналастырады. Сонда олардың барлығына ауа мен жарық жеткілікті, өсуі қарқынды болады.
• Жаз мезгілінде күн көзі гүлдерге тікелей түссе, қурап кетпес үшін көлегейлеу қажет.
• Гүл әдемі болып өсу үшін, оған құятын суды 1 күн бұрын ыдысқа құйып, бөлме ішіне беті ашық күйінде қояды.
• Бөлме гүлдерінің түбіндегі топырақты қопсытып барып су құйса, жылдам өсуіне оң әсерін тигізеді.