Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Алматы-сүйікті қалам” атты сурет көрмесі өтті
02
октябрь
2023
“Алматы-сүйікті қалам” атты сурет көрмесі өтті
Жетісу ауданы, Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінің тәрбие жоспарына сәйкес қала күніне орай 5-сынып оқушылары арасында “Алматы-сүйікті қалам” атты сурет көрмесі өтті. 1000 жылдық тарихы бар Алматы қаласы мәдениет пен ғылымның, өнердің орталығы. Қала әсем Алатаудың баурайында орналасқаны, Алатаудың аясында, көркем шыршалар көмкерген әйгілі Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ спорт кешені және Алматының символы – әлемде сирек кездесетін атақты апорт алма екені балалар бейнелеген суреттерде айқын
"Сөйле ана тіліңде" атты челлендж ұйымдастырды.
29
сентябрь
2023
"Сөйле ана тіліңде" атты челлендж ұйымдастырды.
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде "Тілім барда қазағым бар, халқым бар" атты қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігіне орай "Сөйле ана тіліңде" атты челлендж ұйымдастырды. Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру.
Өрт қауіпсіздігінен  дұрыс сақтану мақсатында 1-11 сыныптарда тәрбие сағаты болып өтті
27
сентябрь
2023
Өрт қауіпсіздігінен дұрыс сақтану мақсатында 1-11 сыныптарда тәрбие
Жетісу ауданы, Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей оқушылар арасында жалпыға бірдей құқықтық білім беру мақсатында, сонымен қатар өрт қауіпсіздігінен дұрыс сақтану мақсатында 1-11 сыныптарда тәрбие сағаты болып өтті. Тәрбие сағаты барысында оқушылар сурет салып, өрт қауіпсіздігі, мектептегі қауіпсіздік және техникалық қауіпсіздік туралы қарапайым ережелерін баяндап,өрт кезінде не істеу керек екендіктерін айтып, ой бөлісті. #сақтықтақорлықжоқ
"Тілім барда қазағым бар, халқым бар" атты қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігіне орай
27
сентябрь
2023
"Тілім барда қазағым бар, халқым бар" атты қазақ тілі мен әдебиеті
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде "Тілім барда қазағым бар, халқым бар" атты қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігіне орай оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында "Қызықты қоңырау" ойындары ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің
Тілдер мерекесіне орай
27
сентябрь
2023
Тілдер мерекесіне орай
Сүйінбай атындағы №143мектеп-лицейде Тілдер мерекесіне орай оқушылар ағылшын және орыс тілдерінде тіл туралы өлең-шумақтарын арнады. 8 “Ә” сынып оқушылары:Шайбек Дәмелі,Іргебай Фируза 9 “А” сынып оқушылары:Теміржан Томирис,Узак Еңлік және Толымбек Назжан. Оқушылар өлең жолдарын мәнерлеп оқып қана қоймай,сонымен қатар өзге тілді құрметтеуге тіл білудің қоғамда маңызын түсінді.Өз ана тілдерінің қадір-қасиетін біліп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрену мен бірге өзге тілдерді де меңгере
9"в" сыныбымен  М Жұмабаевтың "Мен жастарға сенемін" атты танымдық сабағы өткізілді.
26
сентябрь
2023
9"в" сыныбымен М Жұмабаевтың "Мен жастарға сенемін" атты танымдық
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде Тіл мерекесінің онкүндігі аясында қазақ тілімен әдебиеті пәні мұғалімі Сраймова С.С мен 9"в" сыныбымен М Жұмабаевтың "Мен жастарға сенемін" атты танымдық сабағы өткізілді. Алаш арысымыз Мағжан Жұмабаевтың 130жылдығына орай ,ақын атамыз егемен еліміздің ертеңгі қызметін атқарар лайықты тұлға-ол жастар екенін ескеріп,"Мен жастарға сенемін" өлеңінде елдің қалыптасуына жастардан үлкен үміт күтіп, аманат сенім артатындығын аңғартады. Танымдық сабақ барысында
2"А" сынып оқушыларымен "Тілдің мерейі-елдің мерейі" тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті
22
сентябрь
2023
2"А" сынып оқушыларымен "Тілдің мерейі-елдің мерейі" тақырыбында
Сүйінбай атындағы #143мектеп-лицейдің 2"А" сынып оқушыларымен "Тілдің мерейі-елдің мерейі" тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті. Мақсаты: Оқушыларды қазақ тілін құрметтеуге,қоғамда маңызын түсіндіру. Өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. Сынып жетекшісі: Темешова Альбина Жексенбекқызы
10”б” сынып оқушыларымен “Тілдің мерейі-елдің мерейі” тақырыбында тәрбие сағаты
20
сентябрь
2023
10”б” сынып оқушыларымен “Тілдің мерейі-елдің мерейі” тақырыбында
Сүйінбай атындағы #143мектеп-лицейдің 10”б” сынып оқушыларымен “Тілдің мерейі-елдің мерейі” тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті.Мақсаты:оқушыларды қазақ елін,тілін қастерлеуге,тілдің қоғам өмірінде маңызын түсіндіру.Сонымен қоса сыныптың ақын қызы Тәшібай Жанна өзінің шығарған “Тілім менің” атты өлең жолдарын тарту етті. Сынып жетекшісі:Сағатқан Гүлмира Тұрғанқызы
Ұлттық мектеп лигасының  І кезеңінің ашылу салтанатына болып өтті
20
сентябрь
2023
Ұлттық мектеп лигасының І кезеңінің ашылу салтанатына болып өтті
Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейінде ҚР ОАМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМКҚ Халықаралық, республикалық бұқаралық спорт және дене шынықтыру іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес Министрлікке қарасты білім беру мекемелерінде 10 спорт түрі бойынша ұйымдастырылып отырған Ұлттық мектеп лигасының І кезеңінің ашылу салтанатына болып өтті. Мақсаты – жас ұрпақты спорт құндылықтары арқылы тәрбиелеу, отбасы институтын нығайту, дене шынықтыру пәні педагогтерінің статусын
"ТӨРТ ТОҚСАН-ТӨРТ ӨНЕР" тұжырымдамасына сәйкес 1-тоқсан "АҚЫНДАР АЙТЫСЫ "
19
сентябрь
2023
"ТӨРТ ТОҚСАН-ТӨРТ ӨНЕР" тұжырымдамасына сәйкес 1-тоқсан "АҚЫНДАР
Жетісу ауданы, Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде "ТӨРТ ТОҚСАН-ТӨРТ ӨНЕР" тұжырымдамасына сәйкес 1-тоқсан "АҚЫНДАР АЙТЫСЫ " бағыты бойынша мектеп-лицей оқушыларына айтыс өнері жайлы мағлұматтар берілді. #АҚЫНДАРАЙТЫСЫ