Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
8 сынып оқушылары "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында  "Д.А.Қонаев музей-үйіне" экскурсия жасады.
06
май
2024
8 сынып оқушылары "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында "Д.А.Қонаев
Сүйінбай атындағы 143 мектеп- лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Сарсенова Гүлжан және Абай атындағы Қазақ ҰПУ-нің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенттері Орынбаева Кэтрин мен Слам Нұрай ұйымдастыруымен 8 сынып оқушылары "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында "Д.А.Қонаев музей-үйіне" экскурсия жасады. Бұл сапардың басты мақсаты: Ұлттық патриотизммен қатар ұлт деп ұрандаған Қонаев атамыздай ұлы тұлғадан үлгі алумен қатар көне жәдігерлер әлемі мен қазіргі жастар
№ 143 мектеп-лицейдің мектеп табалдырығын  биыл аттаған  балалармен жолда жүру қауіпсіздігі бойынша түсіндірмелі әңгіме өткізді
03
май
2024
№ 143 мектеп-лицейдің мектеп табалдырығын биыл аттаған балалармен
1 қыркүйекте Білім күні полиция инспекторы № 143 мектеп-лицейдің мектеп табалдырығын биыл аттаған балалармен жолда жүру қауіпсіздігі бойынша түсіндірмелі әңгіме өткізіп, әрбір бірінші сынып оқушысына "Полиция және балалар" журналын сыйға тартты.
"Қызға қырық үйден тыйым " тақырыбында аналармен кездесу кеші болып өтті.
03
май
2024
"Қызға қырық үйден тыйым " тақырыбында аналармен кездесу кеші болып
Жетісу ауданы, Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде, Жетісу ауданы әкімдігінің жоспарына сәйкес, "Аналар " күніне орай 9-сынып қыздары арасында анаға деген құрмет пен сыйластықты арттыру және нығайту мақсатында "Қызға қырық үйден тыйым " тақырыбында аналармен кездесу кеші болып өтті. Кеш барысында аналар өз ақыл-кеңестерін айтып, қыздардың қойған сұрақтарына жауап берді. Арнайы дайындаған мерекелік концерттік бағдарлама қойылды. Ана-өмірдің шуағы. Ұйымдастырушылар: 9-сынып жетекшілері
9-мамыр Жеңіс күніне арналған «Желбіре, Жеңіс жалауы» атты мерекелік кеші өтті.
02
май
2024
9-мамыр Жеңіс күніне арналған «Желбіре, Жеңіс жалауы» атты мерекелік
Жетісу ауданы, Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде 9-мамыр Жеңіс күніне арналған «Желбіре, Жеңіс жалауы» атты мерекелік кеші өтті. Мерекелік кештің қадірлі қонақтары Жетісу ауданы Ардагерлер кеңесінің төрайымы Шакирова Тамара Мухтархановна; Ауданымыздың ардагерлер кеңесінің мүшелері Амирханов Оралхан, Байгарина Батиха, Аксакалов Кенжебек, Кемебаева Жумакуль және мектебіміздің ардагер ата-әжелері қатысты.
8-сынып оқушыларымен “Мен өмірімнің жарқын болғанын қалаймын” тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді
30
апрель
2024
8-сынып оқушыларымен “Мен өмірімнің жарқын болғанын қалаймын”
Сүйінбай атындағы #143мектеп-лицейдің мектеп психологтары 8-сынып оқушыларымен “Мен өмірімнің жарқын болғанын қалаймын” тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді.Мақсаты: Өмір құндылықтарының мәнін ашу арқылы адам өмірінің сипаты мен тірлігі туралы ұғымдарын кеңейту.Өмір сырын түсіну, өмір сүру жолдары туралы өзіндік орнын,өмірлік бағдарын дамыту.
«ИЗОГРАФИЯ – үлгерімі төмен мектеп оқушылары мен ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған танымдық әмбебап оқу әрекетін дамыту тәсілі» тақы
29
апрель
2024
«ИЗОГРАФИЯ – үлгерімі төмен мектеп оқушылары мен ерекше білім беруді
Сүйінбай атындағы # 143 мектеп- лицейдің мектепішілік бақылауының жұмыс жоспарына сәйкес «Білім шыңының баспалдағы-бастауыш» атты бастауыш әдіс бірлестігінің онкүндік жоспары аясында «ИЗОГРАФИЯ – үлгерімі төмен мектеп оқушылары мен ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған танымдық әмбебап оқу әрекетін дамыту тәсілі» тақырыбында семинар сабақ ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың және мүмкіндігі шектеулі балалардың сөйлеу терапиясын қолдау және сөйлеу тілін дамыту, оқу материалымен
1- сыныптар арасында   «Екі жұлдыз” атты әні байқауы болып өтті
26
апрель
2024
1- сыныптар арасында «Екі жұлдыз” атты әні байқауы болып өтті
Сүйінбай атындағы # 143 мектеп- лицейдің мектепішілік бақылауының жұмыс жоспарына сәйкес «Білім шыңының баспалдағы-бастауыш» атты бастауыш әдіс бірлестігінің онкүндігі аясында 1- сыныптар арасында «Екі жұлдыз” атты әні байқауы болып өтті. Мақсаты: - мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие беру, - мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс орнату. - бірлікке, ұйымдастырушылыққа, патриоттыққа, өнерді бағалай білуге тәрбиелеу . Байқау соңында қатысушылар мектеп директорының мақтау қағазымен
2 «Г» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Өткенді қайталау» тақырыбында  ашық сабақ болып өтті.
25
апрель
2024
2 «Г» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Өткенді қайталау» тақырыбында
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің мектепішілік бақылауының жұмыс жоспарына сәйкес «Білім шыңының баспалдағы- бастауыш» атты бастауыш әдіс бірлестігінің онкүндігі аясында 2 «Г» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Өткенді қайталау» тақырыбында ашық сабақ болып өтті. Сабақ барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі әдіс- тәсілдер қолдану арқылы, топтық, жұптық және жеке оқушылармен жұмыстар ұйымдастырылды. Ойын арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерінің дамуына
11 «А» және 11 «Ә» сынып  түлектері  мектеп ауласын гүлдендіру мақсатында,  түлектер аллеясына естелікке  шырша ағаштарын  отырғызды
25
апрель
2024
11 «А» және 11 «Ә» сынып түлектері мектеп ауласын гүлдендіру
Жетісу ауданы, Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында өткізіліп жатқан «АЛМАТЫ – БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ» атты қалалық науқанын өткізу жоспарына сәйкес, 26-сәуір мектеп-лицей 11 «А» және 11 «Ә» сынып түлектері мектеп ауласын гүлдендіру мақсатында, түлектер аллеясына естелікке шырша ағаштарын отырғызды. Түлектердің бұл игі бастамасы болашақ түлектер үшін үлгі аларлық іс деп білеміз. Сәт сапар , жас түлек!