Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Тәуелсіздіктен кейінгі Қазақстан” тақырыбында онлайн пікірсайыс алаңын ұйымдастырды
11
декабрь
2020
“Тәуелсіздіктен кейінгі Қазақстан” тақырыбында онлайн пікірсайыс
Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейі, “Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры” атты апталықта “Сөз төркіні” дебат клубы “Тәуелсіздіктен кейінгі Қазақстан” тақырыбында онлайн пікірсайыс алаңын ұйымдастырды. Әр оқушы өз пікірін ашық білдіріп, екі жақ тарап жақтаушы және даттаушы болып пікір алмасты. Пікірсайыс қорытындысы бойынша сарапшылар екі жақ тарапты да қолдап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
“Жас қыран” ұйымына салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті
11
декабрь
2020
“Жас қыран” ұйымына салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде Тәуелсіздік күніне орай оқушыларды Отан сүюге, құрметтеуге, өз елінің тарихын білуге, оқушыларға патриоттық, адамгершілік тәрбие беру және өз ой-пікірін ерікті білдіре алатын ұрпақ тәрбиелеу мақсатында Республикалық бірыңғай “Жас қыран” ұйымына салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті.
Тәуелсіздік күніне орай 10"А" сынып оқушысы Асқарұлы Омардың  авторлық өлеңі.
10
декабрь
2020
Тәуелсіздік күніне орай 10"А" сынып оқушысы Асқарұлы Омардың
Жетісу аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 10"А" сынып оқушысы Асқарұлы Омардың авторлық өлеңі.
“Үздік оқушы 2020”
10
декабрь
2020
“Үздік оқушы 2020”
Жетісу ауданы білім бөлімінің тапсырмасы бойынша Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейінде медиа-грид жоспарына сәйкес өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 2 турдан тұратын “Үздік оқушы 2020” білім сайысы өтті. Сайысқа 7-9 сынып арасынан 10 оқушы қатысып “Үздік оқушы 2020” 8”А” сынып оқушысы Әуелбек Азиза атанды. 2 орынды 8”Г” сынып оқушысы Қалыбекова Сезім 3 орынды 9 “А” сынып оқушысы Байжұма Айғаным иеленді
« Тәуелсіздік- Мәңгілік елдің тұғыры  »  атты апталық
10
декабрь
2020
« Тәуелсіздік- Мәңгілік елдің тұғыры » атты апталық
« Тәуелсіздік- Мәңгілік елдің тұғыры » атты апталықта 10«А» және 10 «Ә» сынып оқушыларының ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалдық сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: Логикалық ой- өрісін, зейінін, жадында сақтау қабілетін дамыту. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын, шығармашылығын дамыту, жеңіске ұмтылуға және қарсыластарын құрметтеуге тәрбиелеу.
“Менің туым-менің Тәуелсіздігім”
08
декабрь
2020
“Менің туым-менің Тәуелсіздігім”
Жетісу ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейінің өзін-өзі басқару ұйымы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуді ұйымдастыру мақсатында “Менің туым-менің Тәуелсіздігім” бейнеролигін ұсынады #МойфлагМояРодина #цветмоейРодины #нашобщийпраздник
"Мерекелі күз" мектепішілік көрме
08
декабрь
2020
"Мерекелі күз" мектепішілік көрме
Сүйінбай атындағы №143мектеп-лицейдің ұйымдастыруымен дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау мақсатында "Мерекелі күз" мектепішілік көрме өткізілді. Көрменің мақсаты: дарынды балалардың шығармашылық қабілетін арттыру және дамыту. Эпидемиялық ахуалға байланысты балаларды ата-ана мен байланыстырып, отбасы да бірігіп жұмыс жасау арқылы отбасы бірлігін нығайту. Қатысушыларға алғыс білдіреміз!
“Елбасы кемеңгер көшбасшы” тақырыбында видеосюжет
26
ноябрь
2020
“Елбасы кемеңгер көшбасшы” тақырыбында видеосюжет
Жетісу ауданы білім бөлімі жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуді ұйымдастыру бойынша Өзін-өзі басқару ұйымы мүшесі, білім министрі Анарқұл Аружан “Елбасы кемеңгер көшбасшы” тақырыбында видеосюжетін ұсынады
1- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні
25
ноябрь
2020
1- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні
Жетісу аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде 1- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуді ұйымдастыру бойынша 3 Б сыныбының "Тәуелсіз елдің көшбасшысы " тақырыбында сынып сағаты болды. Сынып жетекшісі Тузилова Нұргүл
1- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні
25
ноябрь
2020
1- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні
Елбасы-ел тірегі!!Жетісу аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде 1- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуді ұйымдастыру бойынша 3 Ә сынып оқушыларының арасында "Елбасы-ел тірегі" тақырыбында ашық тәрбие сағаты болды. Сынып жетекшісі Умиралиева Мяртай