9-сынып оқушылары арасында “Жігіт сұлтаны-2021” байқауы болып өтті
Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 9-сынып оқушылары арасында “Жігіт сұлтаны-2021” байқауы болып өтті. Байқау 3 кезеңнен тұрды: 1. Таныстыру; 2. Өз өнері; 3. Сұрақ-жауап. Қатысушылар кезең бойынша сайысқа қатысып 1 орынды 9”А” сынып оқушысы Нусипов Мади, 2 орында 9”Г” сынып оқушысы Балықбай Әбілхайыр және 3 орынды 9”Ә” сынып оқушысы Қожахмет Қазбек жеңіп алды