"Өзін-өзі басқару" ұйымының ұйымдастыруымен 8-наурыз халықаралық
Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің "Өзін-өзі басқару" ұйымының ұйымдастыруымен 8-наурыз халықаралық әйелдер күнімен мектеп ұстаздары мен кіші қызметкерлерін құттықтап, әдемі көңіл-күй сыйлады. Оқушылар әуезді ән айтып, көңілді би билетіп, қызықты ойындар ойнатып, жыр шумақтарын арнады. Барша әйелдер, қыздар қауымын мерекелеріңізбен құттықтаймыз 💐