20
апрель
2026
23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің мектеп кітапханасында 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай өткізілетін онкүндік аясында 8-сынып оқушылары Жамбыл атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасына «Сөз өнеріндегі өлкетану» тақырыбында жас қаламгерлермен шығармашылық кездесуге барып қайтты. Мақсаты :Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, сөз өнері арқылы өлкетану тақырыбын таныту және жас қаламгерлермен шығармашылық байланыс орнату.
[media=]
[media=]