02
март
2026
Өзін-өзі басқару фракцияларының атқарған жұмысы

Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымы оқушылардың жауапкершілігін арттырып, тәртіп пен білімге деген көзқарасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Осы ұйым аясында «Білім және тәртіп» фракциясы мен «Медиа» фракциясы бірлесіп, оқушылардың сабақ үлгерімі мен сыртқы келбетіне байланысты рейд жүргізді.
Рейд барысында ең алдымен оқушылардың сабаққа қатысуы, үй тапсырмаларын орындауы, жалпы сабақ үлгерімі тексерілді. Сабаққа кешігу, себепсіз қалу сияқты жағдайлар тіркеліп, ескертулер жасалды. Сонымен қатар жақсы оқитын, белсенді оқушылар атап өтіліп, олар өзгелерге үлгі ретінде көрсетілді. Бұл шара оқушыларды білімге жауапкершілікпен қарауға ынталандырды.
Сонымен бірге рейд кезінде оқушылардың киім киісі мен бой басы тазалығы да назардан тыс қалмады. Мектеп формасының талапқа сай болуы, киімнің ұқыпты киілуі, шаштың жинақы болуы, тазалықтың сақталуы тексерілді. Тәртіп бұзған оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мектеп ережесін сақтау қажеттігі айтылды.
Медиа фракциясы рейдтің өту барысын фото және бейнематериалдар арқылы тіркеп, ақпараттық хабарлама дайындады. Бұл материалдар мектептің әлеуметтік желі парақшаларында жарияланып, оқушыларға тәртіп пен білімнің маңыздылығын насихаттауға ықпал етті.
Қорытындылай келе, аталған рейд оқушылардың жауапкершілігін арттырып, мектептегі тәртіп пен білім сапасын жақсартуға оң әсерін тигізді. Өзін-өзі басқару фракцияларының мұндай жұмыстары оқушыларды ұйымшылдыққа, тазалыққа және тәртіпке тәрбиелейді.