Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қайым Мұхамедханұлының өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық семинар өтті.
31
декабрь
2025

Қайым Мұхамедханұлының өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық семинар өтті.

Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде ұлағатты ұстаздары қоғам қайраткері Қайым Мұхамедханұлының өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық семинар өтті.

Семинар барысында ұстаздар мен оқушылар Қайым Мұхамедханұлының қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан ерен еңбегі, Алаш қайраткерлерін зерттеудегі табандылығы, ұлт мүддесі жолындағы ұстанымы туралы мағлұматтар алды.

Іс-шара барысында қатысушылар ғалымның еңбектерімен танысып, оның өмірінен алынған тағылымды деректермен бөлісті. Сонымен қатар, семинар ұрпаққа үлгі боларлық тұлғаның өмір жолын насихаттау арқылы ұлттық сана мен патриоттық рухты нығайтуды мақсат етті.

Ұстаздардың белсенді қатысуымен өткен бұл семинар білім ордасындағы тарихи-рухани тәрбие жұмысының маңыздылығын тағы бір мәрте айқындай түсті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: