26
сентябрь
2025
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын әрі жазушы Саят Қамшыгер мектеп оқушыларымен жүздесті
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде "Тіл тұғыры-ел ғұмыры" атты қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің апталығы аясында "Жыр мен өмір: Саят Қамшыгер әлемі" тақырыбында ерекше кездесу ұйымдастырылды. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын әрі жазушы Саят Қамшыгер мектеп оқушыларымен жүздесіп, тағылымды әңгіме өрбітті.
Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қаламгердің өмірлік және шығармашылық тәжірибесінен сыр шертетін жауаптарын тыңдады. Жас өнерпаздар да өз өнерлерін ортаға салып, әдебиет пен өнерге деген қызығушылықтарын көрсетті.
Кеш соңында ақын жаңа туындысын тарту етіп, осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.
Ұйымдастырушы қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері: Мынбаева Айнажан Абулайысовна, Бақытжан Назгүл Дәуренқызы
[media=]