Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №143 мектеп- лицейде ардагерлермен кездесу болды
25
сентябрь
2025

№143 мектеп- лицейде ардагерлермен кездесу болды

25.09.2025 ж күні Алматы қаласы Жетісу ауданындағы №143 мектеп- лицейде « Бір тұтас ел - бір тұтас жер» тақырыбында Алматы қаласы бойынша Германиядағы Кеңес Әскері тобы мен Варшава келісім шарт Әскерлерінің тобы Республикалық Қоғамдық Бірлестік филиалының ардагерлері
1. Каржауов Файзулла Нуруллаевич
2. Баратов Мариз Санурович
3. ⁠Азизов Пархатжан Батырханович
4. ⁠Бакиев Абликим Сидикович
5. Момынов Мардин Камалович Әскери Ерлік сабағына шақырылды.
Ардагерлер мектеп оқушыларымен кездесіп, әскери қызмет жолы, ГСВГ мен Варшава келісім-шарты әскерлерінің тарихы туралы әңгімеледі.
Ардагерлердің оқушыларға өсиеті
Қымбатты жас ұрпақ!
Біз көрген қиындықты сендер көрмеңдер деп тілейміз. Еліміздің бейбіт өмірі мен тәуелсіздігі – ең үлкен байлық. Оны сақтау – сендердің қолдарыңда.
Еліңді, жеріңді сүйіңдер.
Үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болыңдар.
Ғылым мен білімге ұмтылыңдар.
Тәуелсіздікті қорғау – әр азаматтың парызы екенін ұмытпаңдар.
Берекелі, тату өмірдің құнын бағалаңдар.
Біз сендерге сенеміз! Болашақ сендердің қолдарыңда. Ұйымдастырушы: АӘТД пәнінің мұғалімі Жораев Галымжан Асатбекович.
[media=]

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: