Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
сентябрь
2025

Жолда жүру ережесі

Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде бастауыш сынып оқушыларына арналған тәрбие сағаты өтті

Жолда жүру ережесін білу – әрбір бала үшін өмірлік маңызы бар қағида. Осыған орай мектебімізде бастауыш сынып оқушылары арасында «Абайлаңыз, балақай!» атты танымдық-тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқушылар жол қозғалысы ережелерімен танысып, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі, бағдаршам сигналдарының мәні, жол белгілерінің мағынасы жайлы пайдалы мағлұматтар алды. Тәрбие сағаты интерактивті ойындар, көріністер мен сұрақ-жауап форматында өткізілді. Балалар өз білімдерін ортаға салып, белсенділік танытты.

Мақсат – жас ұрпақтың жолда жүру мәдениетін қалыптастырып, олардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған саналы әрекетке тәрбиелеу.

Есіңізде болсын: қауіпсіздік – бәрінен бұрын!
Ата-ана мен мұғалім бірлесе отырып, балалардың қауіпсіз болашағын қамтамасыз ете аламыз.

#АбайлаңызБалақай
#ЖолҚауіпсіздігі
#143МектепЛицей
#ТәрбиеСағаты
#БалаларҚауіпсіздігі

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: