02
май
2025
Ұлы жеңіске 80 жыл
Сүйінбай атындағы #143 мектеп- лицейдің 3«Г» сынып оқушылары 1941-1945 жылдарда ерлікпен қаза тапқан майдангерлеріміздің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды. Жеңіске биыл 80 жыл толды. Президентіміз Қ.К.Тоқаев айтқандай, 9-мамырдың төл тарихымыздағы орны ерекше. Бұл – ерлердің ерен ерлігін жадымызда жаңғыртатын күн. Сұрапыл соғыста халқымыз орасан зор шығынға ұшырады. Майдангерлердің қаһармандығы мен тыл еңбеккерлерінің жанкештілігі арқасында жеңіске жеттік. Елдің азаттығы мен ұрпақтың жарқын болашағы үшін жанын пида еткен боздақтарымызды мәңгі есте сақтау және олардың рухтарына тағзым ету – қасиетті борышымыз.
Бейбіт уақытта өмір сүріп жатқан ұрпақтар, өз елінің бостандығы мен тәуелсіздігін қорғаған ардагерлерге шексіз алғысын білдіреді. Ата-бабаларымыздың Отан үшін жасаған ерлігі ұрпақтар жадында мәңгі сақталады.
Сынып жетекшісі: Жумабаева Алия Нұрлановна.