24
январь
2025
5-11 сынып оқушылары арасында «Адалдық сағаты» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Жетісу ауданы, Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде 5-11 сынып оқушылары арасында «Адалдық сағаты» атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға әділдік пен ақиқаттың адам тіршілігіндегі орны мен мәнін ұғындыру, әділдік пен шыншылдық қасиеттерін жетілдіруге жағдай жасау. Сабақ барысында адалдық – адамның намысы мен жүрегінің тазалығы екендігі сөз болып, бұл қасиет адамның еліне, жанұясына және қоғамға деген адалдығынан байқалатыны түсіндірілді. Оқушылар әділдіктің өзіне, айналасындағыларға және болашаққа деген сенімділікті нығайтатынын аңғарып, тақырыпқа байланысты ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, адалдық – адамның өзін-өзі және өзгелерді құрметтеуі мен қадірлеуінің айқын белгісі екендігі ерекше атап көрсетілді.