17
январь
2025
«Ортақ Болашағымыз» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.
БҰҰ-ның «Тұрақты Даму» бағдарламасының аясында Қазақстан Республикасында жасалып жатқан жұмыстар көңіл қуантады. Осы бағдарлама аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінің Дипломатиялық аударма бөлімі шетелдегі әріптестерімен ынтымақтастықта заман талабына сай жоғары білікті мамандар даярлау мақсатында жетекшілік сабақтары мен түрлі іс-шаралар ұйымдастыруда.
Осы өзекті тақырыпқа қатысты 4-ші Ғаламдық Тұрақты Даму Мақсаты аясында Халықаралық Қатынастар факультеті Дипломатиялық Аударма бөлімі Түрік еліндегі әріптестерінің қолдауымен Сүйінбай атындағы №143-ші мектеп-лицеймен бірлесіп «Ортақ Болашағымыз» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.
Семинар барысында ұстаздар мен түлектер пікір алмасып, университет пен болашақ мамандықтар туралы сұрақтар қойып, қажетті ақпараттар алды. «Мұндай іс-шаралар түлектердің болашақ мамандықтары туралы саналы шешімдер қабылдауына көмектесетініне сенеміз» деген пікірлері Түркия Республикасының «Kapadokya Muşkara Haber Gazetesi» (Кападокия Мушкара Хабар Газетінде) жарияланды.