Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 4 «Ә» сынып оқушыларымен әдебиеттік оқу пәнінен «Ұлттық салт-дәстүр. Бесік жыры» тақырыбында ашық сабақ болып өтті.
12
ноябрь
2024

4 «Ә» сынып оқушыларымен әдебиеттік оқу пәнінен «Ұлттық салт-дәстүр. Бесік жыры» тақырыбында ашық сабақ болып өтті.

Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің мектепішілік бақылауының жұмыс жоспарына сәйкес «Білім жолын бастаған- Бастауыш» атты бастауыш әдіс бірлестігінің онкүндігі аясында 4 «Ә» сынып оқушыларымен әдебиеттік оқу пәнінен «Ұлттық салт-дәстүр. Бесік жыры» тақырыбында ашық сабақ болып өтті.
Мақсаты:
– оқушыларды халқымыздың салт-дәстүрлерін біліп өсуге тәрбиелеу;
– бесіктің пайдасы мен бесік жырын білуге үйрету;
– көркем бейнелі сөздерді қолдана отырып, өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру;
– балалардың рухани байлығын арттырып, сөз өнерін түсінуге мүмкіндік беру.
Бесік жыры – тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі. Бесік жырын халқымыз ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Бесік жырының басты қызметі – бесік тербелісіне ыңғайлас әдемі әуенмен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру.
Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды. Сабаққа балалар белсене қатысты. Пән мұғалімі: Кунбасова Гульжамал Оңласынқызы.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: