11
ноябрь
2024
«Білім шыңының баспалдағы- Бастауыш» атты 10 күндігінің ашылу салтанаты болып өтті.
Жетісу ауданы, Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің мектепішілік бақылауының жоспарына сәйкес 11-29 қараша аралығында бастауыш сынып бірлестігінің «Білім шыңының баспалдағы- Бастауыш» атты 10 күндігінің ашылу салтанаты болып өтті.Салтанатты жиында оқушыларды 10 күндіктің жоспарымен таныстырып, белсенді ат салысуға шақырды.
Сонымен қатар, оқушылар ән айтып, би билеп, мәнерлеп өлең оқыды.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Балалық шаққа саяхат», «Тез ойла, дәл тап» ойындары ойналды. Оқушылар ойынға белсене қатысты.