Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Білім жолын бастаған-Бастауыш” атты бастауыш әдіс бірлестігінің онкүндігінің жабылу салтанаты өтті.
02
декабрь
2024

“Білім жолын бастаған-Бастауыш” атты бастауыш әдіс бірлестігінің онкүндігінің жабылу салтанаты өтті.

Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің мектепішілік бақылауының жұмыс жоспарына сәйкес “Білім жолын бастаған-Бастауыш” атты бастауыш әдіс бірлестігінің онкүндігінің жабылу салтанаты өтті.
Бастауыш мектеп- жалпы білім беретін мектептің оқушыларын оқыту, тәрбиелеу, дамытуына қолайлы жағдай туғызатын негізгі буыны. Сондықтан, мектептегі тұтас педагогикалық үрдіс сапалы нәтижеге жету үшін, оның бастауыш буындағы оқу- тәрбие үрдісі заман талаптарын қанағаттандыратындай деңгейде ұйымдастырылуы, ғылыми негізделуі және әдістемелік қамтамасыз етілуі тиіс.
Осы орайда, бәсекеге қабілетті, білімді, жан- жақты тұлғаны қалыптастыру мақсатында заманға сай инновациялық әдіс-тәсілдерді өз сабақтарында тиімді пайдаланып, шеберлік сабақ көрсеткен мұғалімдер мақтау қағаздарымен марапатталды.
Оқушылар да онкүндіктің жабылу салатанатына белсене ат салысты. Әнші, биші, күйшілер өз өнерлерін көрсетті.
Жауапты 4- сыныптың мұғалімдері.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: