30
сентябрь
2024
"Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі" атты ата-аналармен жиналыс өткізілді.
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіруде 27-і қыркүйек күні "Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі" атты ата-аналармен жиналыс өткізілді. Жиын барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Жолдыбаева Д.Е мен Әтшібай Қ.А ата-аналарға оқушыларымызды әлеуметтік желілердің теріс әсерінен қорғау, олардың саналы, әрі қауіпсіз өмір сүруіне жағдай жасау үшін бірге жауапты екендіктері атап өтті. Мектеп психологы Саурықова С.Ұ бала қауіпсіздігін сақтау, буллинг, кибербуллингтің алдын алу, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу алгоритмін түсіндіріп өтті. Сонымен қатар буллингтің алдын алу "Dosbollike", "Ата-аналарды қолдау" бағдарламалардың мақсаты мен міндеттерін таныстыру жұмыстары жүргізілді.
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_алматы
@Jetisu_audandyk_bilim_bolimi
@edu.almaty @almaty_mektepteri
@Daniyar.alkebaiuly
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_алматы
@Jetisu_audandyk_bilim_bolimi
@edu.almaty @almaty_mektepteri
@Daniyar.alkebaiuly