17
октябрь
2023
Айтыс - халық өнерінің алтын діңгегі
Айтыс - халық өнерінің алтын діңгегі. Халық ауыз әдебиетінің халықпен бірге жасасып келе жатқан асыл қазынасы. Айтыс - көнеден келе жатқан төл өнеріміз. Айтысты халық арасында насихаттаумен қатар, бүгінгі жас ұрпақтың бойына халық өнерін сіңіру басты мақсатымыз. Айтыс өнерін биік дәрежеге көтеру үшін, тіл өнеріміздің құдіретін, терең қазынасын білуіміз керек. "Айтыс өнері туралы не білеміз?" дегенде жас буын, айтыстың кереметтілігін насихаттай алатындай болуы керек. Сүйінбай атындағы 143 мектеп-лицейде оқушылар арасында "Айтыс өнері туралы қызықты мәліметтер, " атты қызықты қоңырау өткізілді. Қызықты қоңырауда оқушылардың айтыстың түрлеріне қатысты ойлары талқыланды, ойын тәсілдері арқылы сұрақтар қойылды, тапқырлықтары сыналды. "Біржан мен Сара", "Сүйінбай мен Қатаған" айтысы туралы мәліметтер берілді, оқушылардың айтысқа қызуғушылықтары байқалды. Айтыс өнерін қанатын жайып, төл өнерімізді аспандату - басты міндетіміз.