02
март
2023
TOPIQ.KZ қалалық семинар
Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде «АЛМАТЫКIТАП» баспасының TOPIQ.KZ электрондық оқулықтар платформасын пайдалана отырып сабақ беру әдіс-тәсілдерімен бөлісу мақсатында қалалық семинар болып өтті.
Семинар бағдарламасы бойынша математика пәнінен 1-сынып оқушыларымен «Санды өрнектерді салыстыру» тақырыбында Жумабаева Алия Нурлановна, информатика пәнінен 5-сынып оқушыларымен «Роботтың сызық бойымен қозғалысы. Практикалық жұмыс» тақырыбында Кенетай Айдана Алдаярбекқызы ашық сабақ өткізді.
TOPIQ.KZ электрондық оқулықтар платформасын пайдалана отырып мектебіміздің ұстаздары Мустафаева Аккумис Калмухановна мен Сейлбекова Гулбахша Куаныштаевна сабақтан тыс оқу мақсатында «Мен бір жұмбақ адаммын...» тақырыбында ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған өнеге сабақ өткізді.
Семинар қонақтары Алматы қаласының ұстаздары және TOPIQ.KZ электрондық оқулықтар платформасын дайындап, ұсынып отырған «АЛМАТЫКIТАП» баспасының арнайы мамандары жобалық PR бөлімі басшысының орынбасары Қабдолашева Гүлмарал Наурызбайқызы мен цифрлық бөлімнің IT маманы Мырзакелді Елжан мектеп-лицей ұстаздарының сабақтарын жоғары бағалап, алған әсерлерімен бөлісті.
Семинарда ашық сабақтар өткізген ұстаздар мен мектеп ұжымы «АЛМАТЫКIТАП» баспасының TOPIQ.KZ электрондық оқулықтар платформасының «Алғыс хатымен» марапатталды.