15
октябрь
2020
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Құрметті Данабекова Ғалия, Саурықова Сәуле ! Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!!
Кітап - білім бұлағы болса, сол білімнің көзін ашар мұғалім мен кітапханашылар екендігі мәлім. Өздерінен инабаттылықты, шыдамдылықты және білімділікті талап ететін мамандық иелері - ол кітапханашылар. Шындығында бұл іске әркім әртүрлі жолмен келеді де, ұзақ жылдарға қалады. Адамды Кітап сиқыры бір бауласа, ол кісі ол жерден ұзап кете алмайды. Айналып келе береді...
Мемлекетімізде кітапханашылар күні аталуының өзі - осы мамандық иелеріне деген сый - құрметтің нышаны болып отыр.
Адамзат баласының рухани азығы, сарқылмас байлығы, ұлылық пен ұлағатқа жетелейтін дүниенің құнды қазынасы мәдениет болып табылады. Ұлтымыздың рухын көтеріп, мерейін, асырып, мәртебесін асқақтатын да - мәдениет. Әлемдегі адамзатқа белгілі және оны мойындауда ХХІ ғасыр руханият, мәдениет, ақпарат ғасыры екені белгілі. Қай қоғамның тұрақты дамуында мәдениеттің алар орны зор екенін алға тартсақ, біздің рухани тынысымыздың өзекті мәселелерінің бірі – кітапханалар жағдайы.
Егемендігімізді еңселі, тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолында мәдениет саласының орыны ерекше, маңызы зор. Ал, ел мәдениетінің бір саласы – кітапхана