30
июль
2025
Халықаралық адам саудасына қарсы күрес
Халықаралық адам саудасына қарсы күрес күні ІІМ "Адам саудасына қарсы күресте біргеміз!" кең ауқымды іс-шарасын өткізуде
Халықаралық ұйымдардың мәліметтері бойынша жыл сайын мыңдаған ерлер, әйелдер және балалар өз елдерінде де, одан тыс жерлерде де адам саудасының құрбаны болып жатады. Бұл трансұлттық қылмыстың шекарасы жоқ және қылмыстық тізбектегі рөліне қарамастан мемлекеттерге әсер етеді. 2013 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні болып 30 шілде ресми түрде жарияланды. Қазақстан халықаралық келісімдердің қатысушысы ретінде БҰҰ-ның Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясының және адам саудасының алдын алу және жолын кесу туралы Хаттаманың ережелерін басшылыққа алады. Хаттама адам саудасы деп адамдарды қанау мақсатында, соның ішінде қорқыту, күш көрсету, ұрлау, алдау, билікті немесе осалдықты теріс пайдалану арқылы жасалатын әрекеттерді көрсетеді. Қанау формалары – жыныстық, мәжбүрлі еңбек, құлдық, еріксіз күй, сондай-ақ адам ағзаларын заңсыз алу. Қазақстан Республикасында "Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" Заң, зардап шеккендерге көмек көрсету және оңалту жөніндегі бағдарламалар қабылданды және халық арасында ақпараттық-түсіндіру науқандары іске асырылуда. 2025 жылы Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күнінің тақырыбы: "Адам саудасы – ұйымдасқан қылмыс. Қанаудың барлық түрлерін тоқтату үшін бірге жұмыс істейік". ІІМ халықаралық бастаманы қолдау шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, ағымдағы жылдың 30-31 шілдесінде "Адам саудасына қарсы күресте біргеміз!" кең ауқымды іс-шарасын өткізуде.