Оқушыларға » Страница 4 » КГУ «Школа-лицей №143» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77073096481 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521
Нашар көрушілер
нұсқасы
9"Г" сынып оқушысы Аханова Балсая
21
сентябрь
2021
9"Г" сынып оқушысы Аханова Балсая
Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейінің 9"Г" сынып оқушысы Аханова Балсая "Намыс" спорт клубы ұйымдастырған жастар арасында бокс бойынша турнирде І орын дипломымен марапатталды.
Өзін-өзі басқару ұйымы
20
сентябрь
2021
Өзін-өзі басқару ұйымы
Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейі, өзін-өзі басқару ұйымының президенті Анарқұл Аружан, вице-президент Бателхан Алмат, “Адал ұрпақ” ерікті мектеп клубының көшбасшысы Шайбек Айбала, “Сөз төркіні” дебат клубының көшбасшысы Абдынасылым Аружан мектеп-лицей директоры Өмірбек Айтуғанұлының қабылдауында болды. Қабылдау барысында мектеп-лицей директоры оқушыларға көшбасшылық, ұйымшылдық, жаңашылдық туралы айтты, сонымен қатар оқушылар алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті
"Әлеуметтік желінің әсері" тақырыбында дебат өткізілді
18
сентябрь
2021
"Әлеуметтік желінің әсері" тақырыбында дебат өткізілді
Өскелең ұрпақтың ғаламтор желісіне деген көзқарасын дұрыс қалыптастыра білу және дебат клубы мүшелерінің бір-бірінің ойын сыйлай отырып ортақ шешімге келу мақсатында Сүйінбай атындағы 143-мектеп лицейінің "Сөз төркіні" дебат клубының ұйымдастыруымен "Әлеуметтік желінің әсері" тақырыбында дебат өткізілді. Тілге жүйрік, сөзге шешен клуб мүшелеріне зор алғыс білдіреміз!
11Б сынып оқушысы  Зейтов Диляр
17
сентябрь
2021
11Б сынып оқушысы Зейтов Диляр
Жетісу ауданы Сүйінбай атындағы №143 мектеп- лицейдің 11Б сынып оқушысы Зейтов Диляр Талдықорған қаласында еркін күрестен өткен командалық турнирде III орынды иемденді. Құттықтаймыз!!! 💐💐💐💐💐
«Өнер ордасы» шығармашылық бейнелеу өнері
21
июль
2021
«Өнер ордасы» шығармашылық бейнелеу өнері
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің 1«В» оқушысы Досан Анар Асхатқызы «Өнер ордасы» шығармашылық бейнелеу өнерінің шеберханасында тәжірибе алмасуға, рухани ұлттық өнеріміздің дамуына белсене атсалысып, ерекше шығармашылығымен көзге түсті. «Өнер ордасы» шығармашылық бейнелеу өнері бірлестігінің жетекшісі,мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері,«Құрмет» орденінің иегері, Ресей көркемсурет Академиясының құрметті мүшесі, Қазақстан көркемсурет Академиясының академигі Тілеуберді
11-сынып оқушысы Асқарұлы Омардың өлеңдер жинағы жарыққа шықты
13
июль
2021
11-сынып оқушысы Асқарұлы Омардың өлеңдер жинағы жарыққа шықты
Алматы қаласы Жетісу ауданы Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей. Мектебіміздің талантты оқушысы,жас ақын, болашағынан үлкен үміт күттіріп отырған 11-сынып оқушысы Асқарұлы Омардың өлеңдер жинағы жарыққа шықты. Біз шәкіртімізбен мақтанамыз. 💐💐💐💐💐💐💐
1 - маусым балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз!
01
июнь
2021
1 - маусым балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз!
Құрметті балалар, достар, ата - аналар! Сіздерді бүгінгі 1 - маусым балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын! Жұртымыз, еліміз тыныш, деніміз сау, басымыз аман, жұмысымыз жемісті болсын! Бүгінгі күні мектеп-лицейімізде 1-маусым балаларды қорғау күніне орай мектеп жанындағы жазғы лагерь балалары "Бақытты балалық шақ" тақырыбында мектеп ауласында ұйымдастырылған сурет салу байқауы қатысты.
8-сынып оқушылары «Мәңгілік ел-біздің күш қуатымыз» тақырыбында поэзия жолдады
17
май
2021
8-сынып оқушылары «Мәңгілік ел-біздің күш қуатымыз» тақырыбында
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейі, балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселесі жөнінде құрылған балалар өкілдері жұмыс жоспары бойынша 8-сынып оқушылары «Мәңгілік ел-біздің күш қуатымыз» тақырыбында поэзия жолдады
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері  «Өмірді сүру үшін танимыз» ұранымен бейнеролик жолдады
13
май
2021
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері «Өмірді сүру үшін
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейі, балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселесі жөнінде құрылған балалар өкілдері жұмыс жоспары бойынша балаларға өмірдің мән мағыналы болуы ең алдымен өздеріне байланысты екендігін түсіндіру мақсатында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері «Өмірді сүру үшін танимыз» ұранымен бейнеролик жолдады
"ЖАС МАТЕМАТИК - YOUNG MATHEMATICIAN" І Республикалық зияткерлік олимпиадасы
28
апрель
2021
"ЖАС МАТЕМАТИК - YOUNG MATHEMATICIAN" І Республикалық зияткерлік
"ЖАС МАТЕМАТИК - YOUNG MATHEMATICIAN" І Республикалық зияткерлік олимпиадасының жеңімпазы болғаны үшін Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің 4 "Ә" сынып оқушысы Ертай Ақгүл ІІІ орын дипломымен және осы олимпиадада шәкірт шығармашылығын шыңдаудағы ерен еңбегі үшін Баймағамбетова Балзира Алғыс хатпен марапатталды.