Жетістіктеріміз » Страница 30 » КГУ «Школа-лицей №143» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77073096481 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521
Нашар көрушілер
нұсқасы
Алғыс хат
07
декабрь
2020
Алғыс хат
Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейінің бастауыш пәнінің мұғалімі Турапбаева Карлыгаштқа Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтай отырып, білім саласының қоғамдық өміріне белсене атсалысқаны үшін, сондай-ақ, ұлт көшбасшысының саясатын ілгерілету және білім саласының мақсаттары мен міндеттерін іске асыру жолында аянбай атқарған ерен еңбегі үшін "Қазақ елі - Мәңгілікел" республикалық журналы және "Ustaz nury- El mereli" халықаралық журналы алғыс білдіреді!
"Ақбота" интеллектуалдық марафоны
07
декабрь
2020
"Ақбота" интеллектуалдық марафоны
Жетісу ауданы, Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің оқушылары "Ақбота" интеллектуалдық марафонына қатысып, жүлделі I,ІІ және III орындармен сонымен қатар арнайы дипломдармен марапатталды. Оқушыларымызды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!
ІІІ Республикалық  "Алтын қауырсын" байқауы
05
декабрь
2020
ІІІ Республикалық "Алтын қауырсын" байқауы
Алматы қаласы Жетісу ауданы Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейінің 10 "Б" сынып оқушысы Сырғабай Айдана "ASIA EDUCATION" Халықаралық даму орталығымен қашықтықтан өткізілген ІІІ Республикалық "Алтын қауырсын" байқауына жіберген "Болашақ біздің қолымызда" тақырыбындағы шығармасы ең үздік танылып І орын дипломымен марапатталды. Жетекшісі: Мынбаева Айнажан. Құттықтаймыз 🌹🌹🌹
"ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГЫ -2020"
04
декабрь
2020
"ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГЫ -2020"
Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейінің бастауыш пәнінің мұғалімі Турапбаева Карлыгаш ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына арналған жолдауындағы білім саласына байланысты бағыттарын білім беру ұйымдарының педагогтары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен "ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГЫ -2020" атты халықаралық пен республикалық байұауларға қатысып БАС ЖҮЛДЕ дипломымен марапатталды.
"Дара бала"  байқауының "Бейнелеу өнері" номинациясы
28
ноябрь
2020
"Дара бала" байқауының "Бейнелеу өнері" номинациясы
Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейдің 7 "А" сынып оқушылары Шахамаран Марал және Мүсілім Аружан Республикалық "ДАРА БАЛА" журналының қолдауымен ұйымдастырылған мектеп жасындағы балалар арасында өткен "Дара бала" байқауының "Бейнелеу өнері" номинациясы бойынша ерекше өнер көрсеткені үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Алжанбаева Нұрбану. Құттықтаймыз 💐💐
Тұңғыш Президенті" күніне орай Республикалық байқау
27
ноябрь
2020
Тұңғыш Президенті" күніне орай Республикалық байқау
Алматы қаласы Жетісу ауданы Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейінің 1 "В" сынып оқушылары Бақытбек Айару, Омарбек Хамза, Аймахан Еркежан, Досан Анара, Ракымова Аяулым Республикалық ғылым және білімді қолдау "Тіл, өнер & білім" орталығы мен "Қазақ елі - Мәңгілік ел" журналымен бірлесе ұйымдастырылған "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті" күніне орай Республикалық байқауында "көркем жазу" номинациясы бойынша БАС ЖҮЛДЕ дипломымен марапатталды. Жетекшісі: Умирбаева Гульзира Құттықтаймыз
"Жеті Өнер" IV-Халықаралық шығармашылық фестиваль-конкурсы
20
ноябрь
2020
"Жеті Өнер" IV-Халықаралық шығармашылық фестиваль-конкурсы
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің 5 «В» сынып оқушысы Есенаман Айгерім "Жеті Өнер" IV-Халықаралық шығармашылық фестиваль-конкурсында көрсеткен айрықша өнері, дарынды қабілеті мен рухани өркендеу жолындағы еңбегі үшін "Көркем сөз"номинациясы бойынша А.Құнанбаевтың "Күз" өлеңін оқып II ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Сарсенова Гулжан Аскаровна
математика пәні мұғалімі Себдайырова Ғазиза Манапқызы
20
ноябрь
2020
математика пәні мұғалімі Себдайырова Ғазиза Манапқызы
ҚР БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ "ДАРЫН" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ орталығының ұйымдастыруымен өткен математика пәнінен "ПЕДСТАРТ" республикалық қашықтық олимпиадасына #143 Сүйінбай атындағы мектеп-лицейдің математика пәні мұғалімі Себдайырова Ғазиза Манапқызы қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды
Құттықтаймыз
18
ноябрь
2020
Құттықтаймыз
Құттықтаймыз 💐💐💐 Сүйінбай атындағы 143 мектеп-лицейдің 9 "Ә" сынып оқушысы Жунусова Аяжан Әл-Фараби атындағы халықаралық олимпиада 1150 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша үздік нәтиже көрсетіп ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Серикбаева Орынгул Алпысовна