«Қазіргі өмір сүру кеңістігіндегі оқу процесінің ұлттық құндылықтары мен этнодизайны» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар » КГУ «Школа-лицей №143» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77073096481 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Қазіргі өмір сүру кеңістігіндегі оқу процесінің ұлттық құндылықтары мен этнодизайны» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар
14
ноябрь
2023

«Қазіргі өмір сүру кеңістігіндегі оқу процесінің ұлттық құндылықтары мен этнодизайны» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар

2023 жылдың 11 қарашасында Алматы қаласы Білім басқармасының «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы», Наурызбай ауданы Білім басқармасы №176 мектеп-гимназиясы мен Қазақстан Этнодизайнерлер одағының ұйымдастыруымен қазақ халқының ұлттық құндылығы мен болмысын насихаттау мақсатында «Қазіргі өмір сүру кеңістігіндегі оқу процесінің ұлттық құндылықтары мен этнодизайны» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар болып өтті.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарға көрші елдерден Түркия, Өзбекстан, Қырғыз Республикаларымен қатар Қазақстан республикасының түпкір-түпкірінен білім білім беру ұйымдарының көркем еңбек пәні мұғалімдері онлайн, офлайн қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Осы аталған ауқымды іс-шараның жұмысын ұйымдастыруға белсене қатысып, шеберлік сабақтары мен «ҰЛПА» заманауи этно-стильдегі джинси топтамасы бойынша сән көрсетілімін жасап семинарға қатысушылардың зор қошеметіне ие болған Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің көркем еңбек пәні мұғалімі, Қазақстан Этнодизайнерлер одағының мүшесі Алжанбаева Нұрбану Турарбековнаны мектеп-лицей ұжымы мақтан тұтады.
Әріптестері Нұрбану Турарбековнаға сарқылмас зерттеушілік ізденіс, шабыт, шығармашылық табыс тілейді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: