Жылдар жылжып,уақыт сырғыса да, өткен ғасырдың ең үлкен оқиғасы Ұлы Отан соғысының отты жылдарын естен шығару мүмкін емес. » КГУ «Школа-лицей №143» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77073096481 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жылдар жылжып,уақыт сырғыса да, өткен ғасырдың ең үлкен оқиғасы Ұлы Отан соғысының отты жылдарын естен шығару мүмкін емес.
06
май
2020

Жылдар жылжып,уақыт сырғыса да, өткен ғасырдың ең үлкен оқиғасы Ұлы Отан соғысының отты жылдарын естен шығару мүмкін емес.

 Жылдар жылжып,уақыт сырғыса да, өткен ғасырдың ең үлкен оқиғасы Ұлы Отан соғысының отты жылдарын естен шығару мүмкін емес.  
  Жеңіс күні- бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке.  Бұл- сол соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болған арыстарымызды еске алатын күн.  Бұл- екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің мейрамы. Бұл-«Бәрі де майдан үшін деген» сөзді жанына жалау етіп, белі қайысып, күні-түні тылда еңбек етіп, аш құрсақ жүріп, бала-шағасына бір уыс дәнді талғажау етіп, күндіз колхоздың жұмысын істеп, түнде биалай тоқып, майданды азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз еткен қазақ аналары мен жас балаларды, қарттарды еске алатын күн. 
      Менің атам Сүлейменов Сейілбек 1914 жылы Қарағанды облысына қарасты Шет ауданының Еңбекшіл ауылында дүниеге келген. Ол Сүлеймен әкесінен жалғыз бала. Ауыл мектебінен білім алып,өз талабымен колхоз жұмысына ерте араласып, дайындық курстарын тамамдап, есепші болған екен.  Ұлы Отан соғысына 1942 жылы шақыртылған.  Шақырылған күні –ақ соғысқа аттанып кеткен екен. Артында бір ұл, бір қызы, жары қалған. Соғыстың нағыз қайнаған шағында Көкшетау қаласында бір-екі ай дайындық жасап, 316 атқыштар полкінен Мәскеу түбіндегі   шайқасқа аттаныпты. Сол шайқаста жараланып, шайқасқа қайта кірген. Артынан бір жылдай хат  келіп, бірнеше рет майданға кіргендігі туралы айтып хабар келіп тұрыпты. Кейін хат келмей, мүлдем хабар-ошарсыз қалыпты. 1943 жылдың тамыз айында «Қарақағаз» келген.Бірақ жерленген жері көрсетілмеген.  Әкеміз ер жеткенде әкесін іздеп, Мәскеу, Волгоград қалаларының әскери комиссариаттарына бірнеше рет хат жазды, бірақ мардымды жауап болмады,тек  хабар-ошарсыз кеткендердің тізіміне енген екен. Қазір туған ауылында  ашылған «Даңқ мемориалы» тақтасында аты жазылған.   9 Мамыр Жеңіс күні әкеміз барлық бала-шағасы, немере, шөберелерімен  осы жерге барып, құран бағыштап, әкесін еске алады.   
    Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста жеңіске жеткізді. Тәп қазіргі еліміздегі экономикалық уақытша қиыншылықтар сол кездегі біздің ата-әкелеріміз, ана-әжелеріміз, сол кездегі жас балалардың ауыр тұрмысының жанында түк емес. Қазір өз алдымызға жеке мемлекет, Тәуелсіз елміз. Еліміз тыныш, заманымыз бейбіт. Біздің азаматтық міндетіміз-болашақ ұрпаққа Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоты болуға, достық пен бірлікті сақтауға, отансүйгіштікке тәрбиелеуге үндеу, бағыт беру. Осы асыл қасиеттерді бойына сіңіріп өскен  ұрпақ, әрине, өз Отанын сүйетін, білімді, елжанды, ата-баба ерлігін қастерлей білетін, рухына тағзым ететін ұрпақ болары сөзсіз.                                                                                                                   
        Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Бұл сөз өткенге емес, болашаққа      арналған. 
Жеңіс күні құтты болсын!!!
 Алматы қаласы Жетісу ауданы Сүйінбай атындағы №143мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі  Сейілбекова Гүлбахша  апаймыз Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай   Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұрпақтары атынан қазақ елін құттықтады және отбасындағы соғыс ардагерлері туралы айтып  өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: