2 сәуір - Дүниежүзілік аутизм проблемасы » КГУ «Школа-лицей №143» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77073096481 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2 сәуір - Дүниежүзілік аутизм проблемасы
02
апрель
2024

2 сәуір - Дүниежүзілік аутизм проблемасы

Алматы қаласы Білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми- әдістемелік және инклюзивті білім беруді қолдау орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласы,Жетісу ауданы,Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінің 2«А», 2 «Е» сыныптарында «Балаларға бірге жол ашайық» тақырыбында 2 сәуір - Дүниежүзілік аутизм проблемасы туралы ақпаратты тарату күніне орай тәрбие сағаттары өтті.
Бүгінгі күн аутизм спектріндегі балалардың ата- аналары үшін ерекше күн.
. Басты мақсат: халықты ақпараттандыру, балаларға аутизмнің шын мәнінде не екенін түсіндіру, олардың кім екенін жеткізу.
Аутизм- бұл үкім емес. Біздің басты міндетіміз- барлық ерекше балалар үшін қоғамның толыққанды мүшесі болуға мүмкіндік беретін жағдай жасау.
Мұндай балалардың ерекшелігі; сөйлесудегі қиындықтар, көзге қарамау, адамдармен араласа алмау және қайталана беретін қимыл- қозғалыс, баланың ұзақ уақыт бойы тек бір нәрсемен айналысып отыра беруі.
. Ерекше балалармен сөйлескенде, қысқа, асықпай, қимыл арқылы, дауыс ырғағын әртүрлі өзгертіп сөйлеу .
Бұл індетке қатысты мәселе, бізге де қатысты.
. Олай болса, ерекше білімді қажет ететін баларға қолдау көрсету, біздің басты міндетіміз

Сынып жетекшілер: Темешова Альбина Жексенбекқызы, Баймагамбетова Балзира Құдайбергенқызы.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: