НАУРЫЗНАМА “Көрісу күні-Амал мерекесі” » КГУ «Школа-лицей №143» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77073096481 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » НАУРЫЗНАМА “Көрісу күні-Амал мерекесі”
14
март
2024

НАУРЫЗНАМА “Көрісу күні-Амал мерекесі”

Алматы қаласы,Жетісу ауданы,Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде Қазақстандағы наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы “Наурызнама” жобасы аясында мектебімізде “Көрісу күні-Амал мерекесі” аталып өтті. 14 наурыз – Көрісу мейрамы, яғни қазақтың ежелден келе жатқан төл мерекесі. Бұл ұлы Абай айтқандай, қырдағы ел ойдағы елмен араласып, күлімдесіп, көрісіп, құшақтасатын уақыты. Қытымыр қыстан қысылып шыққан халық Көрісу күнінде мал-жанның амандығына шүкіршілік етіп, бір-бірімен қол алысып, төс қағыстырып амандасады. Бұл күні ағайын арасындағы бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздықты ұмытып, бір-біріне саулық тілейді. Көктемге аман-есен жеттік деп дастархан жайып, үлкендерге сәлем беріп, құттықтап жатады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: