Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде «XXI ғасыр дағдылары: білім берудегі жаңа трендтер» тақырыбында онкүндік іс-шаралар ұйымдастырылуда » КГУ «Школа-лицей №143» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77073096481 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде «XXI ғасыр дағдылары: білім берудегі жаңа трендтер» тақырыбында онкүндік іс-шаралар ұйымдастырылуда
16
февраль
2024

Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде «XXI ғасыр дағдылары: білім берудегі жаңа трендтер» тақырыбында онкүндік іс-шаралар ұйымдастырылуда

Мектепішілік жоспар бойынша Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде «XXI ғасыр дағдылары: білім берудегі жаңа трендтер» тақырыбында онкүндік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Осы іс-шаралардың өту барысы КТК телеарнасында көрсетілді.
Мақсаты: Республикалық «Жол картасы» негізінде мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру барысында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында білім беру үдерістерін цифрландыру, озат педагогикалық тәжірибе алмасу және оқытушылардың кәсіби құзіреттілігін арттыру арқылы мектеп жасындағы балалардың кітапқа құмарлығын ояту, танымдық-мәдени даумына жол ашу.
Осы онкүндіктің аясында 2«Г»сынып оқушыларымен «Алматыкітап» баспасының «TopIQ.kz» білім беру платформасындағы электрондық оқулықтарды математика сабағында тиімді пайдалану жолдарын көрсетті. Оқушылар осы бағдарламалар арқылы қиын да, қызықты тапсырмаларды топтық жіне жұптық жұмыстар арқылы орындауға дағдыланғанын байқадық.
Пән мұғалімі: Жумабаева Алия Нурланқызы
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп жасындағы балалардың кітапқа құмарлығын оятумен қатар, танымдык-мәдени дамуына жол ашу мақсатында, әр сыныпта «Электронды кабырға» бұрышы ұйымдастырылған. Кез-келген оқушы QR код арқылы ақын-жазушылардың өмірімен, шығармашылығымен және ертегілер әлемімен таныса алады.
2«А»,2«Е» сынып оқушылары QR код арқылы ертегілер әлемімен танысу үстінде.
Сынып жетекшілері: Темешова Альбина Жексенбекқызы
Баймагамбетова Балзира Құдайбергенқызы
Ертегі-балалардың киялын шарықтататын, балалық шақты елестетіп, келешекке сеніммен қарауга тарбиелейтін ауыз әдебиетінің бір түрі. Ертегілерді оқып қана қоймай, оқушылар оқыған ертегілерін рөлге бөліп сахналау арқылы олардын бойында әртістік қабілет, актерлік шеберлік, сөйлеу мәнері, бір-біріне деген шынайы қарым-қатынас қалытасатыны белгілі.
Осы мақсатта 2 «В» сынып оқушылары өздері оқыған «Мақтақыз бен мысық» ертегісін рөлдерге бөліп сахналады.
Сынып жетекшісі:Аманатова Айнура Султанбаевна
«Оқуға құштар мектеп» жоба аясында «Мен оқыған кітаптар» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларының мектеп кітапханасымен байланысын күшейту мақсатында оқу жылының соңында ең көп әдеби кітап оқыған оқушы марапатталады.
1 «В» сынып оқушылары кітапханамен байланыс үстінде.
Сынып жетекшісі: Ошақбай Айгерім Адилбекқызы

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: