1 қыркүйек - білім күні. » КГУ «Школа-лицей №143» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77073096481 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2023

1 қыркүйек - білім күні.

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата - аналар және барша Қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен құттықтаймын!💐🔔

1 қыркүйек - білім күні. Бұл күні мектеп оқушыларына алғашқы қоңырау даусы естілді. Осыған орай Алматы қаласы, Жетісу ауданы №143 мектеп-лицейінде «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиын ұйымдастырылды.
Салтанатты шараға мектебіміздің ата-аналар қатысты.
Мектеп директоры Өмірбек Айтуғанұлы сөз сөйлеп, ұстаздар мен оқушыларға, мектеп табалдырығын енді аттаған 1 сынып оқушыларына сәттілік тіледі.
Салтанатты жиын мерекелік бағдарламаға ұласты. Оқушыларымыз ән мен биден шашу шашып, көпшіліктің құрметіне бөленді.
Сонымен қатар жиынға қатысқан қонақтарымызда ұстаздар мен ата - аналарды, оқушыларды мерекелерімен арнайы құттықтап, жаңа оқу жылы берекелі, табысты, нәтижелі жыл болып, толағай табыстар мен үлкен жетістіктерге жете берулеріне тілектестігін білдірді. Әрі қарай іс - шарада мектеп оқушылары өздерінің дайындаған өнерлерін көрсетсе, мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндер ән айтып, өлең шумақтарын тарту етті.

#Мектебіммейірімділікмекені
#1қыркүйек
#Білімкүні

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: