Құрметті Отандастар! » КГУ «Школа-лицей №143» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77073096481 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
июль
2020

Құрметті Отандастар!

Құрметті Отандастар!
    Сіздерді елдік пен татулықтың туын көтерген, бүгінде киелі Сарыарқаның сайын даласына керегесін кең жайған Елордамыз – Нұр-Сұлтан күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
      Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі болып отыр. Нұр-Сұлтан қаласы еліміздің жаңаруының қарышты қадамдарымен алға басуының нышаны, көп ұлтты халқымыздың жасампаз күш-қуатының белгісі.
     Елордамыздың әлем көз тіккен ғажайып ортаға айналуы Елбасы – Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың теңдесі жоқ батыл шешімінің жарқын көрінісі. Осы жолда тер төккен әрбір жанның еселі еңбегінің жемісі.
      Елорда ең алдымен азаматтығымыздың символы, Қазақстанның жаңа тарихының шынайы шежіресі, қарқынды дамуының, қол жеткен табыстарымыздың, абырой-беделіміздің, береке-бірлігіміздің жарқын көрінісі.
     Баршаңызды  Елордамыздың 22 жылдық туған күнімен құттықтай отырып, елімізге  береке мен бірлік тілеймін. Елордамыз өсіп, өркендей берсін!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: