Педагогтердің жалақысын ұлғайту бойынша қабылданған шаралар туралы » КГУ «Школа-лицей №143» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77073096481 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагогтердің жалақысын ұлғайту бойынша қабылданған шаралар туралы
22
июль
2020

Педагогтердің жалақысын ұлғайту бойынша қабылданған шаралар туралы

Педагогтердің жалақысын ұлғайту бойынша қабылданған шаралар туралы 

ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңына сәйкес:

🖌2020 жылдың қаңтарынан бастап педагогтердің лауазымдық жалақылары 25%-ға көбейді. Педагогтердің лауазымдық жалақылары жыл сайын 25%-ға өсіп отырады және 4 жылдың ішінде педагогтердің еңбекақылары екі есеге артады.

🖌Сонымен қатар, біліктілік санаты бойынша:
📍педагогтерге лауазымдық жалақыдан  30-дан 50%-ға дейінгі мөлшерде;
📍мектеп директоры мен олардың орынбасарларына лауазымдық жалақыдан  30-дан 100%-ға дейінгі мөлшерде үстемақылар енгізілді.

🖌2020 жылдың қыркүйегінен бастап дәптер тексеру мен сынып жетекшілігі үшін төленетін үстемақы көлемі екі есеге артады.

🖌Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі бар бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне 10 АЕК (27 780 теңге) мөлшерінде қосымша ақы төленеді. 

🖌Одан бөлек, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының тәлімгерлік жүргізетін мұғалімдеріне 17 697 теңге мөлшерінде үстемақы төленеді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: